Саканың хет-тригі Англияға әлем чемпионатының қола жүлдесін әкелді
Англия құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында үшінші орын алды. Қола жүлде үшін өткен матчта ағылшындар Францияны 6:4 есебімен жеңді. Кездесудің басты қаһарманы хет-трик жасаған Букайо Сака болды.
Астана, NEGE. Бірінші таймнан кейін Англия 4:0 есебімен алда тұрды. Үшінші минутта Деклан Райс есеп ашса, артынша Эзри Конса көзге түсті. Үзіліске дейін Сака тағы екі гол соқты.
Екінші таймда Франция есепті теңестіруге шақ қалды. 48-минутта Килиан Мбаппе бірінші голын соқты. Көп ұзамай Брэдли Баркола есеп айырмасын екі допқа дейін қысқартты. Ал 66-минутта Мбаппе дубль жасап, есепті 4:3-ке дейін жеткізді.
87-минутта Сака пенальтиді сәтті орындап, үшінші голын соқты. Төреші қосқан уақытта Усман Дембеле есеп айырмасын тағы да бір допқа дейін қысқартты. Алайда Джуд Беллингем гол соғып, қорытынды есепті 6:4 етті.
Бұл – Англия құрамасының 1966 жылдан бергі әлем чемпионаттарындағы ең үздік нәтижесі. Сол жылы ағылшындар өз тарихында алғаш және әзірге жалғыз рет әлем чемпионы атанған еді.
Мбаппе осы ойындағы дублінен кейін әлем чемпионаттарындағы гол санын 22-ге жеткізіп, Лионель Мессиді басып озды. Еншісінде 21 голы бар аргентиналық футболшы Испанияға қарсы финалда бұл көрсеткішті жаңартуға мүмкіндік алады.