Сақ дәуірінің жәдігерлері мемлекетке қайтарылды

2024 жылы активтерді қайтару жөніндегі комитет 10 млн АҚШ долларынан астам сомаға активтерді мемлекет кірісіне айналдыру туралы талап арыз берді.

А. Дүзелхан

Алматы, NEGE. Сот талқылауы барысында жауапкерлер өздеріне тиесілі активтерді иемдену көздерінің заңдылығын дәлелдей алмады.

Бірінші сатыдағы сот Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің талаптарын толық қанағаттандырды, сот алқасының қаулысымен жауапкерлердің апелляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылды.

Cот шешімін орындау аясында мемлекет кірісіне қолма-қол ақша, қымбат зергерлік бұйымдар, сарапшылардың пікірінше тамыры сақ дәуірінен бастау алатын тарихи-мәдени мұра заттары қайтарылды.

Қазір оқып жатыр

Сегіз жылдағы максимум: Қазақстанға Қытайдан қоныс аударушылар саны артқан

Мүфтият айт намазаның кестесін жариялады

Сот Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың жазасын жеңілдетті

Парламент қарауына бес конституциялық заң енгізіледі