Сайтан алғыр, біз қайдамыз: Байден Ақ үйді «алтын торға» теңеді
АҚШ президенті Джо Байден өзінің Ақ үйдегі өмірін «алтын торға» теңеді, деп хабарлады Associated Press.
Алматы, NEGE. «Мен таңертең ұйқымнан оянып, әйелім Джиллге қараймын да: «Сайтан алғыр, біз қайдамыз?», - деймін. Тіпті, сырт киімімді біреудің ұстап жүргеніне көзім үйренісе алмады», - депті Байден.
«Айналама қарасам, барлығы тез болып жатқан сияқты. Тіпті төрт жыл өтіп кеткендей көрінеді», - деп ағынан жарылыпты.
Бұған дейін АҚШ вице-президенті Камала Харристің президенттің орнына әлем көшбасшыларымен телефон арқылы сөйлескені әшкере болған еді. Бұқаралық ақпарат құралдары жаңа әкімшіліктің әлем көшбасшыларымен байланыс орнатуы таңқаларлық жағдай екенін атап өтті. Журналистердің пікірінше, бұл жағдай Байденнің президент ретіндегі міндеттерін орындау қабілетіне күмән келтіреді екен.