«Сайрам – су» өзенінің жағалауын нығайту жұмыстары аяқталды

2020 жылдың 9 сәуірінде Шымкент қаласы әкімінің шешімімен Сайрам және Базарқақпа тұрғын алаптарында «Сайрам-су» өзенінде жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған еді.

Шымкент, NEGE. «Сайрам-су» өзенінің жағалауын су шайып кету салдарын шектеу және жою қажеттілігіне байланысты осындай шешім қабылданған.

Қала әкімдігінің төтенше резервінен «Сайрам-су» өзенінің жағалауын нығайту жұмыстарына қаржы қарастырылды. Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгінде жоспарланған жұмыстар толық көлемде орындалды.

«Сайрам-су» өзенінде қауіптің болмауына байланысты қала әкімі аппаратымен жарияланған төтенше жағдайды жабу туралы шешім дайындалдып, ҚР Әділет министрлігіне жолданды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті