Сайлау: Ең алғаш кім дауыс берді?
Ең бірінші болып парламенттік сайлауда дауыс берген Қазақстан азаматы - Аделина Алпамыс. Оңтүстік Кореядағы Корё университетінің студенті. Бұл туралы СІМ телеграм каналында хабарланды.
Алматы, NEGE. Сонымен қатар, Қазақстанның Жапониядағы және Корея Республикасындағы Елшіліктері жанындағы сайлау учаскелері өз жұмысын алғашқы болып бастады.
Токиодағы #261 және Сеулдегі #258 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де дауыс беру үшін ашылды.
Бұл елдерде жүрген қазақстандықтардың өздерінің сайлау құқығын бірінші болып пайдалану мүмкіндігі бар.