Сайлау: Бүгін – тыныштық күні

Бүгін 9 қаңтар ҚР Парламенті мен жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлау алдындағы «тыныштық» күні.

Алматы, NEGE. Бұл күні сайлауға түсіп жатқан саяси партиялардың үгіт жүргізуіне тыйым салынған. «Сайлау күні және оның алдындағы күні сайлау алдындағы кез келген үгітке тыйым салынады. Ол - тыныштық күні. Сайлау комиссияларының үй-жайынан және дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерлерде бұрын ілінген басқа да үгіт материалдары бұрынғы орындарында сақталуы мүмкін. Интернет желісінде бұрынырақта жарияланған үгіт материалдары бұрынғы орнында сақталуы мүмкін. Бұрын жарияланған материалдарды интернет-ресурстың басты бетіне шығаруға рұқсат берілмейді», - деген еді таяуда ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова.

Оның атап өтуінше, үгіт жұмыстарының тәртібі бұзылған жағдайда құқықтық жауапкершілік қарастырылған. Тіпті саяси партиялар өрескел қателікке жол берген жағдайда оларды партиялық тізімнен шығаруға дейінгі шара қабылдануы мүмкін. Естеріңізге сала кетсек, 2020 жылдың 10 желтоқсанында жергілікті уақыт бойынша 18-00-де 2021 жылдың 10 қаңтарына тағайындалған ҚР Парламенті Мәжілісінің және жергілікті мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың партиялық тізім ұсынған партиялардың үгіт жұмыстары басталған болатын. Конституциялық мерзімге сай өткізгелі отырған Мәжіліс сайлауына елімізде тіркелген 5 саяси партия, атап айтқанда, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Nur Otan» партиясы, «ADAL» саяси партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Қазақстанның Халық партиясы» кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынды, Оларды еліміздің Орталық сайлау комиссиясы тіркеді. Барлығы 312 кандидат, оның ішінде: «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан 19; «Nur Otan» партиясынан 126; «ADAL» саяси партиясынан 16; Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясынан 38 және «Қазақстанның Халық партиясынан» 113 адам.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?