Сағынтаев коронавирустан қорықпайды

Алматы қаласының тұрғындары Қытайдың Ухань қаласынан тараған коронавирусқа байланысты алаңдаушылығын білдірді. Алмалы ауданының тұрғыны індеттің алдын алуға байланысты қандай шара атқарылып жатқаны және медициналық маска жетіспеушілігі туралы әкімге сауал қойды.

Алматы, NEGE. Қала халқының көңілін күпті еткен сауалға «Барлық сақтық шаралары жоғары деңгейде жүріп жатыр» деп жауап берді әкім. 

Ол өз сөзінде: «Біз дерт пайда болды деген алғашқы күннен бастап сақтық жұмысына кірістік. Әкімдікте арнайы жұмыс тобы құрылды. Оған орынбасарым төрағалық етеді. Қазір Алматыда сақтық шаралары ДСҰ нұсқауы бойынша жүргізіліп жатыр. Әуежай аумағында, ұшақта тексеру жұмыстары қамтамасыз етілді» деді. 

Сондай-ақ, әкім мегаполисте дәрі-дәрмек қоры жеткілікті екенін тілге тиек етті.

«Әуелгіде ажиотаж болды, тұрғындар дәріханадағы медициналық маскаларды көптеп сатып алды. Осыдан кейін маска сатып алынды. Қазір қалада медициналық маска жеткілікті» деп толықтырды. 

«Біздің кәсіпорындар 3 ауысыммен жұмыс істеді. Кәсіби медициналық маска да сатып алынды. Бұл тұрғыда мәселе жоқ. Қытайдан келген жерлестердің бәрі тыңғылықты тексерілді. Олардың ағзасынан коронавирус белгілері анықталған жоқ. Бәрі жақсы болады. Себебі, барлық қызмет жоғары деңгейде жұмыс істеп жатыр» деген қала әкімі Сағынтаев еш уайымдаудың керегі жоқтығын жеткізді.

Қазір оқып жатыр

«Газ баллонын ашып, әдейі өрт тұтатқан»: Шахтинскідегі жарылыстың мән-жайы айтылды

Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеуші қаза тапты

Трамп Иранның электр станцияларына соққы жасауды бес күнге кейінге қалдыруды тапсырды

Тоқаев Иранның БАӘ аумағын бомбалауына алаңдаушылық білдірді