Сағынтаев Көк-Жайлауды қайтаруды сұрады

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев премьер-министр Асқар Маминнен Көк-Жайлау жерлерін Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрамына қайтаруды сұрады.


Алматы, NEGE. «Экологтармен жиі кездесемін. Көк Жайлаудың тағдыры туралы көп айтылады. Осы мәселеге нүкте қою үшін бүгін Премьер-Министрдің атына бұл жерлерді қала қорынан Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрамына қайтару туралы өтініш хат жаздым», - деп жазған Сағынтаев сәрсенбі күні Twitter парақшасында.
Бұған дейін Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев Көк-Жайлауда тұрғызылған қосалқы станцияға демонтаж жасалатынын айтқан еді.
Еске салсақ, 2019 жылдың 29 қазанында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Көк-Жайлау» тау-шаңғы курортының құрылысына тыйым салған болатын.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр