Сағат 18:00-де сайлаушылардың 58,2 пайызы дауыс берді

Тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 58,2 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаев айтты.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, сағат 18-00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 58,2 пайызы алды.

Олардың ішінде: Ақмола облысы – 65,1, Ақтөбе облысы – 52,4, Алматы облысы – 66,5 , Атырау облысы – 51,5, Батыс Қазақстан облысы – 57,7 , Жамбыл облысы – 68,3, Қарағанды облысы – 65,2, Қостанай облысы – 69,1, Қызылорда облысы – 67,9, Маңғыстау облысы – 49,1, Павлодар облысы – 64,5, Солтүстік Қазақстан облысы – 69,8, Түркістан облысы – 59,9, Шығыс Қазақстан – 67,2, Нұр-Сұлтан қаласы – 44, Алматы қаласы – 27,7, Шымкент қаласы – 53,2 пайыз», - деді Ерлан Дауылбаев. Оның атап өтуінше, сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы келесі ақпарат жергілікті уақыт бойынша 20-00-де ұсынылады. Сайлаушылардың келуі туралы алдын ала қорытынды ақпарат сағат 22-00-де беріледі.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?