Садриддинге рингке шығуға тыйым салынды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедовке биылғы 28 желтоқсанға дейін рингке шығуға тыйым салынды.

Алматы, NEGE. Еске салсақ, 7 желтоқсан күні Канаданың Монреаль қаласында Давид Лемье (41-4, 34 КО) мен Максим Бурсактың (35-6-2, 16 КО) бокс кеші өтті. Оның аясында Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) те кезекті жекпе-жегін өткізді. «Солдат Q»-дың қарсыласы аргентиналық боксшы Хосе Антонио Вильялобос (12-6-2, 7 КО) болды. Он раундқа есептелген жекпе-жек жетінші раундта мерзімінен бұрын аяқталып, Ахмедов оппонентін ауыр нокаутқа жіберді.

Жекпе-жектен кейін Квебек провинциясының Бокс комиссиясы екі спортшыға да шектеу қойды: Ахмедовке 28 желтоқсанға дейін рингке шығуға тыйым салынса, Вильялобос мерзімсіз «бан»-ға жіберілді. Бұл шара медициналық көрсетілімдер бойынша қолданылды, себебі қос боксшыға да жекпе-жектен кейін қалпына келу қажет.

 

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы қағаз зауытына 49,9 млн теңге айыппұл салынды

Польшада қазақстандық әйел қаза тапты

Трамп Ресей мұнайына салынған санкцияларды уақытша алып тастады

Әскерде тағы бір сарбаз мерт болды