Садриддин чемпион болуға дайын ба?

Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (12-0, 10 KO) қашан әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізетінін айтты.

Алматы, NEGE. Еске салайық, Ахмедов соңғы кездесуін 30 қаңтарда Мексиканың Куэрнавака қаласында өткізіп, төрешілер шешімімен нидерландтық Стивен Даньоны (17-4-3, 6 KO) жеңген еді. Бұл кездесу Ахмедов WBA Continental, NABF және WBC Francophone белбеулерін иеленген. 

«Алдағы төрт немесе бесінші кездесуде толыққанды әлем чемпионы үшін жекпе-жек өткіземін. Мен бұған дайынмын. Уақыт келді», – деді боксшысы Journaldemontreal.com порталына берген сұхбатында. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?