Садриддин Ахмедов бір жекпе-жекте үш титул жеңіп алды

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) бірінші орта салмақтағы үш титулды жеңіп алды (WBC Francophone, WBA Continental және NABF), деп хабарлады Prosports.kz.

Алматы, NEGE. Қазақстандық өзінің титулдық жекпе-жегін Мексиканың Куернавака қаласында өткізді. Оның қарсыласы голландиялық Стивен Даньо (17-3-3, 6 КО) болды. Жекпе-жек жоспарланған он раундқа созылды. Төрешілер шешімімен қазақстандық боксшы жеңіске жетті. Осылайша, Садриддин Ахмедов бірден үш белбеуді жеңіп алып, кәсіби мансабындағы он екінші жеңісіне қол жеткізді. Стивен Даньо өзінің төртінші жеңілісіне ұшырады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?