Садыр Жапаровтың бастамасымен Бішкектегі мектепке Кемел Тоқаевтың есімі берілді

Бішкектегі №33 мектеп-гимназияға қазақ жазушысы, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі Кемел Тоқаевтың есімі берілді. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл туралы Қырғызстан Президентінің баспасөз хатшысы Аскат Алагозов хабарлады. 

Оның айтуынша, бұл бастама Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа тиесілі.

«Жапаров бұл шешім туралы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресейге жасаған жұмыс сапары барысында хабарлаған. Ұлы Отан соғысы жылдары Кемел Тоқаев қазіргі №33 мектеп орналасқан ғимаратта орналасқан Фрунзе әскери жаяу әскер училищесінде оқыған. Дәл осы жерден ол майданға аттанған», – делінген хабарламада.

Коллективтендіру жылдары мен соның артынан келген ашаршылық кезінде Кемел Тоқаевтың отбасы туған жерін тастап, көшуге мәжбүр болады. Олар бірнеше жыл Фрунзе қаласында тұрған. Осы жерде Кемел Тоқаев ата-анасынан және туыстарынан айырылып, жетімдер үйінде тәрбиеленді.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Кемел Тоқаев екінші рет Қырғызстанға келеді. Ол Фрунзе қаласындағы жаяу әскер училищесінде (қазіргі №33 мектеп-гимназия) білім алып, осы жерден майданға аттанған.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев №33 мектеп-гимназиясына автобус сыйлаған болатын. Бұл автобус әкесінің оқыған мектебіне құрмет ретінде берілді. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда университет жатақханасында қыздар төбелесіп, бір-біріне дене жарақатын келтірген

Қазақстан «Газпромға» қатысты АХҚО сотының шешімін орындамайды

Қарақұмның базынасы: Бір шағымнан кейін ауыл халқы жол азабын тартып отыр

АҚШ грин-карта беру тәртібін қатаңдатты