Садыр Жапаров «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық ғарыш орталығын аралады

 Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Қазақстан Республикасына ресми сапары барысында «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық ғарыш орталығына барды.

Үкімет

Алматы, NEGE. Сапар барысында Қазақстанның ғарыштық жетістіктері мен ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің жұмысымен танысты. Қазақстандық мамандар ғарыш мониторингі саласындағы жобалар туралы айтып, ғарыш аппараттарды құрастыру кезеңдері мен шығарылатын компоненттердің үлгілерін ұсынды.

Сонымен қатар ғарышқа ұшыру алдында спутниктерді сынақтан өткізу жұмыстары жүргізілетін аумақтарды да аралап көрді. Орталыққа барған сапарында Қырғызстан басшысымен бірге Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов жүрді.

Сондай-ақ екі ел арасындағы ғарыш саласындағы серіктестікке де назар аударылды.

Қазір оқып жатыр

Қаржы пирамидасын қалай анықтауға болады? Маман пікірі

Арыста ағайындыларды он шақты жігіт соққыға жыққан: туыстары әділ жаза талап етеді

«Арандату болған, басы жарылған»: Әсет Матаевтың адвокаты мәлімдеме жасады

Кенжеғұл Сейітжан премьер-министрге өкпелі