Сәбит Шонтақбаев туралы шетел басылымдары жаза бастады

Ұлыбританияның белді басылымы Daily Mail елордада сегізінші қабаттан құлауға шақ қалған бүлдіршінді құтқарып қалған Сәбит Шонтақбаевтың ерлігі туралы жазды.

Алматы, NEGE. Материал авторы Уилл Стюарт Сәбиттің бүлдіршінді қалай құтқарғанын бүге-шүгесіне дейін баяндап берген.

"Төрт баланың әкесі Сәбит бүлдіршін құлап кететінін түсініп, бірден оны құтқаруға бет алды... Ресми дереккөздің айтуынша, қыз бала жастық пен жұмсақ ойыншықтарды бірінің үстіне бірін қойып, терезеге шыққан. Қала әкімі Алтай Көлгінов Шонтақбаевқа ерлік жасағаны үшін алғыс білдірді. Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев оған "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісін тақты. Таңғаларлық батырлық танытқан Сәбитке жаңа жұмыс ұсынылған. Қызы мен үш ұлы бар Шонтақбаевқа жаңа үш бөлмелі үй мен теледидар сыйға тартылды деген ақпарат та бар. Бұл оның отбасымен Нұр-Сұлтанда тұруына мүмкіндік бермек", - деп жазылған материалда.