17 мая 2022 г. 15:04

Сәбит пен Сағидың ерлігін таспаға түсірген келіншек ұлды болды

Фото:

Бірнеше күн бұрын  Сәбит Шонтақбаевтың ерлігі қоғамда қызу талқыланған болатын. Ол 8-қабаттан құлап кетуге шақ қалған сәбиді құтқарып қалды. Ал оның ерлігін таспаға түсіріп алған Бақыт Четенованың  еңбегі ескерусіз қалғанын бұдан бұрын баяндағанбыз.

Nege.kz жариялаған мақаладан кейін Сәбит Шонтақбаев видеоны түсірген келіншекке хабарласып алғысын айтқан. Бұл туралы тілшімізге Бақыт Четенова айтты.

Ал бүгін редакциямызға хабарласқан Сәбит Шонтақбаев былай деді: «Мен сіздердің Бақыттан алған сұхбатты көріп, ол кісіге хабарласып, алғысымды айттым. Өздеріңіз білесіздер, сол оқиға болғаннан бастап менің қолым босамады.

Міне, кеше Бақыт босанып, шекесі торсықтай ұлды дүниеге әкеліпті. Ол кісіге хабарласып, бауы берік болсын айтып, құттықтадым».

Сонымен қатар, Сәбит пен Сағи Бақыт Четенова перзентханадан шыққаннан кейін, жаңа туған нәрестеге бағалы сыйлық сыйлауға ниетті екенін де айтып қалды.

Тегтер: