Сәбит Әбдіхалықов ұлының атын Абадан деп қойды

Актер, продюсер Сәбит Әбдіхалықов жетінші перзентіне

азан шақырып, ерекше ат берді. Абадан. Әлеуметтік желі арқылы ерекше есімнің мағынасын да түсіндіріп берді. 

Алматы, NEGE. "Қадірлі ағайын, бірнеше күннен бері менің қуанышымды бөлісіп, жақсылығыма ортақ болып жатқан достарыма, туған-туысқа, жалпы қазақ жұртына алғысымды білдіремін. Ұлымның есімін ақылдаса келе Абадан деп қойдық. Абадан есімінің мағынасы көкжалдардың үйірін бастайтын қолбасшы, ержүрек бөрі дегенді білдіреді.

Атына заты сай азамат болсын. Қуанышты бөліссең көбейеді. Әрбіріңізге осындай жақсылық жұғысты болсын", - деп бөлісті ол. 

Айта кетейік, оның Айгүл Иманбаевадан бір ұлы, Алтынай Жорабаевадан төрт қызы бар. Сондай-ақ, үшінші некесінен екі ұлы бар.