Сәбит Әбдіхалықов ауруханаға түсті
Сәбит Әбдіхалықов жүрек ақауымен ауруханаға түсті. Продюсер осыдан жеті жыл бұрын инфаркт алған. Содан бері тұрақты түрде дәрігерлерге қаралып келеді.
Алматы, NEGE. Бұл туралы Әбдіхалықовтың өзі Instagram-дағы парақшасында жазды.
"Алматы Кардио орталығының дәрігерлерімен медбикелеріне және басшысы Алмат Тұрысбекұлына мың алғыс! Нағыз өз ісінің мамандары. 2016 жылы инфаркт алғанымда аман алып қалды, жеті жылға жуық жүрегімді емдеп келеді", - деп жазды продюсер.