Сәбит Мұқановтың қызы Баян Мұқанова қайтыс болды

Қаралы хабарды Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық мұражай кешені естіртті.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. «Марқұмның отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз», – делінген хабарламада.

Баян Мұқанова ғұмырын ғылым мен білімге арнады. Ол химия ғылымдарының кандидаты болды, ауыл шаруашылығы институтында сабақ берді.

Сәбит Мұқанов (1900–1973) – қазақтың көрнекті жазушысы, ақын және қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. 1943-1951 жылдары Қазақстан жазушылар одағын басқарды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді