Сабина Алтынбекова өзін жар еткісі келген Қуат Найманға жауап берді

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов отандық телеарналардың біріне берге сұқбатында волейболшы Сабина Алтынбековадан дәмесі барын айтып қалып еді.

Алматы, NEGE. "Менің ұнататын қызым бар. Бұған дейінгі қарым-қатынастарым бір айдан арыға бармайтын. Әйелімнің ұзын бойлы, әдепті және кішіпейіл, иманды болғанын қалаймын. Ол мені таниды, өзі де спортшы, волейболмен айналысады, оның аты-Сабина Алтынбекова. Бұрындарын сөйлескенбіз. Мен оның жүрегін жаулап алу үшін біраз жүгіретін шығармын", - деді Хамитов.

Алайда, спортшы қыздың Қуат Найманға көңілі жоқ сияқты.

Ережесіз жекпе-жек шеберіне жауап қатқан Алтынбекова Instagram желісіндегі жеке парақшасында былай деп жазды:

"Қуат Хамитов, мені қыстырып жібергенін қалай?" - деп, оған бірнеше күліп тұрған смайликтер қосуды да ұмытпапты.

Кейінірек Сабина тағы бір жазба жариялады.

"Қуатты адалдығы, турашылдығы және қазақ батырына тән рухы үшін құрметтеймін. Оның спорттағы барлық мақсатына жететініне күмәнім жоқ!"

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық ғалым беделді халықаралық сыйлыққа ие болды

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған