Сәбина Алтынбекова италиялық клубқа ауысты

Қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова спорттағы жолын италиялық «Волалто Казерта» командасында жалғастырады, деп хабарлайды Sports.kz.

Алматы, NEGE. Клуб өзінің ресми сайтында спортшы қызбен екі жылға келісімжарт жасағанын жариялады. Келесі маусымда «Волалто Казерта» Италияның негізгі әйелдер лигасы - А1 сериясында ойнайды. Сәбина Алтынбекова ойын алаңында өнер көрсеткенімен қоймай, команданың өзіндік «бет-бейнесіне» айналады. Яғни, клуб баспасөз қызметінің мәліметінше, қазақстандық спортшының әлеуметтік желілердегі аудиториясының көптігі клубқа қолайлы болып тұр.

Еске сала кетейік, Сәбина Алтынбекова соңғы жылдары Біріккен Араб Әмірліктерінің «Әл-Васл» командасында ойнаған болатын. Сонда жүріп жарақат алып, маусымның біраз бөлігінде жарыстарға қатыса алмады. Ал оған дейін спортшы қыз «Алматы» және жапондық GSS Sunbeams командаларында өнер көрсеткен.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде әкімдік ғимаратындағы өрт толық сөндірілді

Ақтөбеде әкімдік ғимараты өртенді

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»: Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады

Тоқаев жұмыскерлердің еңбек құқығын күшейтуге қатысты заңға қол қойды