Сабина Алтынбекова ана атанды

Әлемдегі ең сұлу волейболшылардың бірі, қазақстандық спортшы Сабина Алтынбекова сүйінші жаңалығын бөлісті.

 Алматы, NEGE. Қазақстандық спортшы Сабина Алтынбекова алғаш рет ана атанды. Ол 5 қазан күні ұл босанды. «Бірде-бір ер адамды сендей күткен емеспін, ұлым. Махаббат пен қамқорлыққа толы отбасына қош келдің», – деп жазды ол өзінің Instagram парақшасында. Ол бұған дейінгі жазбаларында қуанышты жаңалығы бар екенін меңзеген болатын. Алайда ешкім нақты білмеді.

Жас ананы спортшылар мен шоу-бизнес жұлдыздары құттықтады. Илья Ильин сәби мықты, бақытты бала болсын деген тілек білдірді. Жазбаның астына Аша Матай, Әсел Сәдуақасова, Жансая Әбдумәлік те құттықтау қалдырды. Алтынбекова былтыр желтоқсан айында продюсер Саят Тостықбаевқа тұрмысқа шыққан болатын.

Қазір оқып жатыр

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты