Сәбидің маңдайынан қан алғандардың әрекеті желі қолданушыларын шошытты

NeMolchiKZ қорының жетекшісі Дина Таңсәрі сәбидің маңдайындағы теріні кесіп қан алғандардың жан түршігерлік кадрларын байқап қалған.

Алматы, NEGE. – Қандай жабайылық? Ұйықтап жатқан нәрестенің бетін тілгілеп жатыр! Хиджама орталығындағы медициналық процедуралардың бірі екен. Біз шынымен 21 ғасырда өмір сүріп жатырмыз ба? Неліктен бұндайлар жарнамаланады? – деп жазды Дина Тәңсәрі. 

Қор жетекшісі айтқан видео жарияланған инстаграм аккаунт иесі парақшасын түгел өшіріп үлгерген.