Сәбиді зират ішіне әкеліп, пакетке салып кеткен

Жітіқара ауданында сәбиін зират басына қалдырып кеткен әйел іздестіріліп жатыр, деп хабарлады Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE.  Бұған дейін хабарлағанымыздай, Жітіқара ауданында зират ішінен жаңа туған сәбидің денесі табылды. Қазір осы дерек бойынша Қостанай облысының полициясы «Жаңа туған баланы анасының өлтіруі» бабымен қылмыстық іс қозғады «Қазіргі уақытта сәби өлімінің себептері зерттелуде. Оны тастап кеткен әйелге, оқиға куәгерлеріне іздеу салынды», - дейді полицияның баспасөз қызметіндегілер. Полицияның мәліметінше, сәбиді зират ішіне әкеліп, пакетке салып кеткен.

Қазір оқып жатыр

Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы бостандыққа шықты

15 жастағы қазақ баласы «Барселона» клубымен келісімшартқа отырды

Назарбаев пен Шодиевтің 2,2 млрд теңге тұратын Алматыдағы үйге қатысы бар ма?