Саакашвили ауыр халде жатыр

Тбилисидегі аурухананың бірінде емделіп жатқан саясаткердің денсаулығы жайында дәрігер Отар Тоидзе осылай деді. Таяуда бір топ дәрігер науқастың хал-жағдайы жөнінде толық есеп беретін болады.

Алматы, NEGE. Еске сала кетсек, Украинада жүрген Грузияның үшінші президенті былтыр елге қайтқан бойда тұтқындалып, түрмеге қамалған еді. Сот тергеуі басталғалы Саакашвили екі мәрте аштық жариялады. Мамыр айында жағдайы нашарлаған соң Тблисидегі ауруханаға жатқызылған. Михаил Саакашвилиді қызметтік лауазымын асыра пайдаланды деген айыппен 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы сот үкімі шыққан. Тағы 3 қылмысқа қатысты сот ісі жалғасып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті