Рүстем Исаев жаңа қызметке тағайындалды

Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасына Рүстем Исаев басшы болып тағайындалды.

Алматы, NEGE. 44 жастағы Рүстем Исаев - Ақтөбе мемлекеттік медицина университеті мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің түлегі.​

Еңбек жолын 1993 жылы Хромтау аудандық орталық ауруханасында реанимация бөлімінде санитар болып бастаған.​

Әр жылдары Ойыл​ аудандық орталық ауруханасында хирург-дәрігер, дәрігер-анестезиолог-реаниматолог, бас дәрігердің​ емдеу ісі жөніндегі​ орынбасары,​ Хромтау аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері болып еңбек етті.​

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне​ тағайындалар алдында «Ақтөбе медициналық орталығын» басқарған.

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысында жаңа «Алатау» арнайы экономикалық аймағы құрылады

Қазақстанда діни сұрақтарға Imam AI жауап бермек

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде қалдырды

Атырау облысында өлтірілген отбасы ісі: қылмыс қашан және қалай жасалғаны айтылды