3 сентября 2022 г. 13:48
Руслан Желдібай: Президент берген сөзінен таймайды
Мемлекет басшысы Қостанай облысына бара ма? Аталған сауалға Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook желісінде жауап берді.
Алматы, NEGE. «Бұқаралық ақпарат құралдарынан «Қостанай облысындағы өртке байланысты Мемлекет басшысының осы өңірге жоспарланған сапары бола ма?», – деген сауалдар келіп жатыр.
Қалыптасып отырған жағдайға қарамастан, Президент өзінің берген сөзінен таймай, 5 қыркүйектегі жұмыс кестесіне сәйкес Торғайға жұмыс сапарымен барады.
Қазір Әулиекөл ауданындағы өртті сөндіру үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жағдайды өңірге арнайы барған Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин бастаған жедел топ қадағалап отыр», – деп жазды Р. Желдібай.