Руслан Құрбанов семсерлесуден әлем кубогінде күміс медаль еншіледі

Қазақстандық спортшы Руслан Құрбанов семсерлесуден Challenge Monal 2022 әлем кубогі кезеңінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. ҚР Ұлттық олимпиада комитетінен мәлім еткендей, Р.Құрбанов жартылай финал кезеңінде француз Александр Барденетті 15:13 есебімен ұтты. Ақтық сайыста спортшымызға Францияның тағы бір өкілі қарсылас болды. Нельсон Лопес бірден басымдықты өз қолына алды. Қорытынды есеп 15:11. Солайша, Руслан Құрбанов турнирдің күміс медалін еншіледі. Еске салайық, бұған дейін аталған спортшының Парижде өтіп жатқан әлем кубогінің жартылай финалына шыққанын жазған едік.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды