Руслан Дәленов жаңа қызметке тағайындалды

Руслан Дәленов Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Алматы, NEGE. 8 ақпаннан бастап ЕАДБ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды банктің сайты.

Руслан Дәленов әр жылдары қазақстанның Қаржы вице-министрі, ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметтерін атқарған. 2019 жылдан 2021 жылдың қаңтарына дейін Қазақстанның Ұлттық экономика министрі болды.