Руслан Әбдіразақ әлем чемпионы атанды

Ақтөбе төрінде өткен Қазақ күресінен әлем чемпионатында Руслан Әбдіразақ ешкімге дес бермеді.

Алматы, NEGE. Алматылық күресші спорттық мансабында талай жүлдені қанжығасына байлаған. Бірақ, бұл жолғы жеңісі өзін де, жанкүйерді де бір серпілтіп тастағандай. Руслан аталған бәсекенің финалдық кезеңіне дейін қарсылас шақ келтірмей, айқын басымдықпен жеңіп шықты. Өз салмағында Русландай ерекше қарқынмен финалға жеткен ресейлік Роман Бобиков те көзге түсті. Бобиков жуырда Алматыда өткен "Әлем Барысы" турнирінің бас жүлдесін иемденгені спорт сүйер қауымның есінде. Бабы келіскен қос палуан арасындағы күрес қызықты өтті. Талай жылғы еңбек пен қайсарлық жерлесімізге жеңіс сыйлады. Осылайша, Руслан Бобиковтен Айбек Нұғымаровтың есесін қайтарып, бір жағы чемпиондық атақты иеленді. 

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты