Руслан Сарқұлов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды

 Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

ҰҚК

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Серікұлы Сарқұлов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

16 қыркүйекте Қазақстан президенті Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының екі орынбасары – Руслан Сейсембаев пен Асқар Әмерхановты қызметінен босатты. Кейін бұл  лауазымға Бақытбек Рахымбердиев келді. Әли Алтынбаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

23 қыркүйекте Марат Жұмабаев ҰҚК төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалды, Алмас Наймантаев оның орынбасары болды. Бақытбек Қожанов бұл қызметтен босатылды.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті