Руслан Курбанов семсерлесуден Богота қаласында өткен Гран-при турнирінде күміс медаль жеңіп алды

Семсер қаруымен айқасудан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Руслан Курбанов Богота (Колумбия) қаласында өткен Гран-при турнирінде күміс жүлдеге ие болды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Жартылай финалда Курбанов Өзбекстан өкілі Вадим Анохинді 15:14 есебімен жеңді.

Алайда шешуші финалдық жекпе-жекте қазақстандық спортшы жапониялық Акира Коматаға 10:15 есебімен есе жіберді.

Айта кетейік, өзбекстандық Вадим Анохин мен француз Луиджи Мидельтон үшінші нәтиже көрсетті.

Сондай-ақ, Ерлік Сертай да үздік ондықтың қатарына еніп, турнирді сегізінші орынмен аяқтады.

Қазір оқып жатыр

Мәжіліске Қытай Парламентінің басшысы келді

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады