Руслан Берденовке қастандық жасады деп айыпталған Ернар Жиембай сотта соңғы сөзін айтты

Ернар Жиембай Қазақстан халқынан кешірім сұрап, соттан әділ үкім шығаруды өтінді.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Ол өзіне тағылған айыпты ішінара мойындады.

— Маған тағылған айыптардың бір бөлігімен келісемін. Алайда бұл оқиға өздігінен болған жоқ екенін нақты айта аламын. Өзімді есі дұрыс адам ретінде сипаттаймын, мұны сараптама қорытындылары да растайды. Мен еш себепсіз адамға қару кезеніп, оқ атпас едім. Тергеу барысында берген жауабымды толықтай растаймын. Жәбірленуші Руслан Арысбекұлынан кешірім сұраймын. Қалай болғанда да, мен оның денсаулығына айтарлықтай зиян келтірдім, — деді Ернар Жиембай.

Алдын ала үкімді жариялау 20 тамыз күні сағат 12:00-ге белгіленді.

Қазір оқып жатыр

Alatau City-де Орталық Азиядағы алғашқы аэротакси сынақтан өткізілді

Қазақстандықтар Жан Байжанбаев бастаған бірнеше актерді қамауға алуды талап етті

«Тарихты жеңімпаздар жазады» деген қағидаттың ғылымға қарсы сипатын ұмытпаған жөн – Тоқаев

Ішкі рейстердің билеті арзандай ма? Экономист ҚҚС-ның әсерін түсіндірді