«Орнымнан тұрмасам өлтіретінін түсіндім» – Сотта Руслан Берденовтен жауап алынды

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденов сотта алғаш рет өзіне жасалған қастандықтың қалай болғанын  баяндап берді.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ол бұған дейін қылмысқа қызметтік келіспеушіліктер себеп болғанын мәлімдеген еді.

«Алғашқы оқ басыма бағытталды, мен еңкейіп үлгердім. Содан кейін арқама төрт рет оқ атты. Мен құлап түстім, ол жақындап келіп, қаруын қайта оқтап, тағы да маған кезенді. Денемді қан жуып жатқанын сездім, бірақ орнымнан тұрмасам өлтіретінін түсіндім. Бір қолым істемей қалды, бірақ мен тұрып, шегіне бастадым. Дәл сол сәтте қарудың жерге түскенін естідім», — деді Берденов сотта бейнебайланыс арқылы берген жауабында.

Оның айтуынша, жүргізушісі шабуылдаушыны тоқтатуға әрекеттенген, ал алғашқы секундтарда оған екі қыз көмек көрсеткен.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде қоқыс маңынан пакетке салынған нәресте табылды

Астанада Путиннің келуіне байланысты бірнеше күнге көлік қозғалысы шектеледі

Алматыда университет жатақханасында қыздар төбелесіп, бір-біріне дене жарақатын келтірген

Қазақстан «Газпромға» қатысты АХҚО сотының шешімін орындамайды