Руслан Берденов Алматы қаласын дамыту орталығының басшысы болып тағайындалды

Шымкенттің бұрынғы әкімінің орынбасары Руслан Берденов «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ басшысы  қызметіне тағайындалды.

gov.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Бейбіт Әлибеков өзінің Telegram-каналында хабарлады.

Айта кетейік, Берденовтің жаңа лауазымы бұрынғы қызметімен салыстырғанда төмендеу болып саналады. Бұған дейін ол Шымкент әкімі орынбасары қызметін атқарған, ал одан бұрын мәжіліс депутаты болған.

29 тамызда Берденов өз еркімен қызметінен босатылды. Оның әріптесі, Respublika партиясының мүшесі Айдарбек Ходжаназаров бұл шешімді Берденовке жасалған қастандықтан кейінгі ем-домына байланысты түсіндіріп, «қаланың мәселелері оның сауығуын күтіп отырмайды» деп мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Ақтауда өзіне қол салды деген келіншектің өлімін қайта тергейді

Назарбаевтың тоқалы Әсел Исабаева көпшілік алдына қайта шыға бастады

Астанадағы MEGA Garden маңынан пәтер алу қаншалық тиімді?

Грузияда ұсталған 18 жастағы қазақстандық өмір бойына сотталуы мүмкін