Румынияда ұлы Абайдың ескерткіші орнатылды

Румыния астанасы Бухаресте Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай ұлы ойшылға ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Іс-шараға Румыния жоғары лауазымды тұлғалары мен белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлері, шетелдік қонақтар қатысты. Олардың арасында Румынияның экс-президенті Эмиль Константинеску, Парламент палатасының вице-спикері, «Қазақстан-Румыния» парламентаралық достық тобының төрағасы Флорин Иордаке бар. Салтанатты ашқан Қазақстанның Румыниядағы елшісі Рүстем Нұрбахов Абай ескерткіші екі халықтың өзара құрметінің айқын белгісі екенін атап өтті. Жиында Абай қара сөздерінің румын тіліне аудармасының таныстырылымы өтті. Қазақ халқының ұлттық ерекшелігін бейнелейтін суретші Алуа Тебенованың туындылары көрсетілді.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты