Румынияда коронавирус жұқтырғандар саны 859 мыңнан асты
Румынияда бір тәулікте 4383 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Нәтижесінде елдегі COVID-19 жұқтырған науқастар саны 859 709-ға жетті. Бұл туралы Agerpres агенттігіне сілтеме жасап, RT хабарлайды.
Алматы, NEGE. Айта кетейік, бұдан бұрын Румынияның Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау институты елде алғаш рет екі адамның коронавирус инфекциясының бразилиялық штамын жұқтырғанын мәлімдеген болатын.