Румыния мен Болгария Шенген аумағына қосылды

Болгария мен Румынияның ішкі істер министрлері Атанас Илков пен Кэтэлин Предою Дунай көпіріндегі шекара бекетінде Шенген аймағында еркін жүру құқығын ресми түрде ашты,  

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Екі елдің 25 миллион тұрғыны енді Шенген аймағында еркін жүріп-тұра алатын 450 миллионға жуық ЕО азаматтарының қатарына қосыла алады.

Қос мемлекет Еуропалық Одаққа 18 жыл бұрын қосылды, ал Шенген аймағына қосылу туралы келіссөздер 2011 жылы басталған.

Болгарияның Түркиямен шекарасы ЕО-ның сыртқы шекарасы бола отырып, 2 қаңтардан бастап ЕО елдерінің 100 полиция қызметкерінен тұратын бірлескен контингенті күзететін Шенген аймағының сыртқы шекарасына айналады.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты