Руфина Шалқарова ауыр атлетикадан алтын алды

Ауыр атлет Руфина Шалқарова жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Нұр-Сұлтан, NEGE.  Жасөспірім қыздар арасында 81 келіден жоғары салмақта сынға түскен отандасымыз Руфина Шалқарова жарыстан топ жарды. Ол қоссайыс нәтижесі бойынша 247 (107 140) келіні бағындырды.

Бразилиялық  Жустине Де Лима Таяне екінші орыннан көрінсе, түркиялық Жевик Фатмагүл үздік үштікті түйіндеді. 

Айта кетерлігі, кеше жасөспірім ұлдар арасында бақ сынаған қазақстандық Рахат Бекболат қоссайыс нәтижесінде 355 келіні еңсеріп, әлем чемпионы атанған болатын.

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына Қазақстан сапынан барлығы екі спортшы қатысты. Нәтижесінде екі спортшы да алтын медальға ие болды.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды