Руфина Искакова байдарка мен каноэде ескек есуден Италияда әлем чемпионы атанды

Италияның Ауронцо-ди-Кадоре қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында байдарка мен каноэде ескек есуден әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жерлесіміз Руфина Искакова 23 жасқа дейінгілер арасындағы С-1 санатында топ жарды.

Алматы, NEGE. 9 шілде күні Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, ол 5000 метрлік сайыста 30:18.59 секунд көрсеткішпен үздік атанды. Молдавиялық Елена Глизан күміс жүлдеге ие болса, Иран өкілі Хадие Хейрабади үздік үштікке енді.

Сонымен қатар отандасымыз Мария Бровкова 18 жасқа дейінгілер арасында С-1 санатында 200 метрге жарысудан мәре сызығына екінші болып жетті.

Додаға 65 елден 938 спортшы қатысып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр