Роза Рымбаева ұлы Әлимен бірге дауыс берді

Алматыда сайлау бөлімшесіне ұлы Әлимен келген Халық әртісі Роза Рымбаева және дизайнер Аида Қауменова президент сайлауына дауыс берді, деп хабарлады KAZ.NUR.KZ.

Алматы, NEGE. Дауыс бергеннен кейін Роза Қуанышқызы журналистердің сауалына жауап берген.

"Бүгін елімізде тарихи күн. Мен еліміздің басшысын сайлауға үлес қосу мақсатында дауыс беруге келдім. Мен дауыс беруге үнемі қатысамын және әріптестерім арасында дауыс беруге бірінші келетіндердің бірімін. Мен дауыс беруге міндеттімін деп ойлаймын", - деді Роза Рымбаева.

Ал дизайнер Аида Қауменова дауыс берген сайлау бөлімшесі №17 мектеп-лицейде орналасқан екен.

"Бүгін сайлауға келіп, өз таңдауымды жасадым. Қазақстан азаматы ретінде болашағымызды дамытуға дауыс беру арқылы үлес қосатынымды сездім", - дейді дизайнер.