Роза Рымбаева – Еңбек Ері

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева Еңбек Ері атанды. Бұл туралы жарлыққа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Алматы, NEGE. «Роза Қуанышқызы Рымбаеваға ұлттық мәдениетімізге сіңірген зор еңбегі үшін ең жоғарғы атақ – «Қазақстанның Еңбек Ерімен» бірге Алтын жұлдыз және «Отан» ордені берілсін» делінген президент жарлығында.