Росавиация Ақтаудағы ұшақ апатына құстар себеп болуы мүмкін екенін хабарлады

Ресей авиациясы ұшақтың апатқа ұшырауының алдын ала себебін хабарлады. Апатқа құстар себеп болуы мүмкін екенін мәлімдеді. 

Азамат Сәрсенбаев

Ақтау, NEGE. «Баку-Грозный» бағытындағы ұшақ тұманға байланысты Грозныйға қона алмағаннан кейін Махачкалаға, одан әрі Ақтау қаласына бет алған.

Azerbaijan Airlines әуе компаниясы Қазақстандағы ұшақ апатына қатысты пікір білдірді.

«Баку-Грозный бағыты бойынша J2-8243 рейсін орындаған Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағы Маңғыстау облысы Ақтау қаласынан шамамен 3 шақырым жерде апатқа ұшырады. Жолаушылар арасында 6 қазақстандық болған. Сондай-ақ ұшақта Әзірбайжанның 37 азаматы, Қырғызстанның 3 азаматы және Ресейдің 16 азаматы болған», - делінген хабарламада. 

Бұл ретте Росавиация Ақтауға қону туралы шешімді әуе кемесінің командирі төтенше жағдайдан кейін қабылдағанын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды