Роналдудың ұлы жаңа клубқа ауысты

Криштиану Роналдудың ұлы кіші-Криштиану "Реал" клубының жасөспірімдер академиясына ауысты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматы, NEGE. Белгілі болғандай португалиялық футболшының ұлы 14 жасқа дейінгілер арасында 20 матчта 50 гол салған.

Осыған дейін кіші-Роналду әкесі ойнаған "Реал", "Ювентус" және "Манчестер Юнайтед" командаларының академиясында өнер көрсетіп келді.

Еске салайық, қараша айында Криштиану Роналду даулы сұхбатынан кейін "Манчестер Юнайтедпен" келісімшартын үзді. Сұхбат барысында футболшы "қызыл сойқандардың" бас бапкері Эрик тен Хагты сынға алған еді.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды