Роналдудың әйелі Португалия құрамасының бас бапкерін сынға алды

Кришитиану Роналдудың әйелі Джорджина Родригес Португалия әлем чемпионатының ширек финалында Мароккодан жеңіліп қалғаннан кейін құраманың бас бапкері Фернанду Сантушты сынға алды, деп жазады Vesti.kz.

Алматы, NEGE. Доха қаласында "Әл-Тумама" стадионында өткен ойын 0:1 есебімен аяқталды. Ойындағы жалғыз голды 42 минутта Юссеф Эн-Нессири соқты. Ал Роналду алаңға 51 минутта шықты. 

"Бүгін сенің досың әрі бапкерің қате шешім шығарды. Ол досың туралы сен үнемі жақсы сөз айтушы ең. Ол әлемдегі ең мықты футболшы дұрыс бағалай алмады. Өмірде біз алар сабақ көп. Бүгін біз жеңілген жоқпыз, тек кезекті сабақ алдық", - деп жазды Джордина әлеуметтік желісінде. 

Айта кетейік, енді Марокко құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалында Франциямен кездеседі. Бұл ойын 14 желтоқсан күні өтеді. 

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды