22 декабря 2022 г. 14:43

Роналду жаңа клубпен келіссөз жүргізіп жатыр

Фото:

Криштиану Роналду жаңа клубпен келіссөз жүргізу үшін Сауд Арабиясына барды.

Алматы, NEGE. 37 жастағы футболшы "Әл-Наср" клубының базасы орналасқан Эр-Рияд қаласына барған. Енді ол клуб басшылығымен келіссөз өткізіп, келісімшартқа қол қоймақ.

Мұның алдында арабиялық клуб Криштиануға 2025 жылға дейін келісімшарт ұсынып, маусымына 200 миллион еуро төлеуге дайын екені хабарланған болатын. 

Тегтер: