9 декабря 2020 г. 18:32
Роналду VS Месси. Кім мықты?
Италиялық «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду «Барселона» клубының ойыншысы Лионель Мессиді қарсыласы деп санамайтынын айтты, – деп хабарлайды Daily Mail басылымы.
Алматы, NEGE. Басылымның мәліметінше, футболшылар Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 6-турында кездескен. Матчта италиялық клуб 3:0 есебімен жеңіске жеткен. Бұл ойында Криштиану Роналду пенальтиден 2 рет гол соққан.
«Біз 12-13 жыл бойы түрлі марапаттау рәсімдеріне бірге қатысып келеміз. Мен оны қарсылас деп санаған емеспін. БАҚ араға от салып отыр. Екеуміздің қарым-қатынасымыз жақсы. Мұны сіз Леодан сұрасаңыз, ол да осындай жауап қайтарады», – дейді Роналду.