Роналду мәлімдеме жасады: Шындықты бәрі білетін болады

"Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналду карьерасын қайда жалғастыратыны туралы жаңалықтың 95 пайызы жалған екенін мәлімдеп, алда шығатын сұхбатында бар шындықты айтпақ ниетте, деп хабарлайды Vesti.kz

.

Алматы, NEGE. Мұның алдында БАҚ 37 жастағы форвард англиялық командадан Чемпиондар лигасына қатыспайтындықтан кеткісі келетінін, алайда, "МЮ" келісімшартты бұзбай отырғанын хабарлаған еді. 

"Жуырда шындық бәріне ашылады, бір-екі аптада сұхбатым шығады. БАҚ жалған ақпарат тартуда. Менде блокнот бар, ол жерге өзім туралы жаңалықтарды түртіп жүрмін. Кейінгі бірнеше айда, ондағы жүз жаңалықтың тек бесеуі ғана дұрыс ақпарат болды. Енді ойлап көріңіз", - дейді Роналду. 

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды