Роналду құрама сапында салынған гол бойынша рекордты жаңартты

Португалиялық форвард Криштиану Роналду құрамадағы гол соғу рекордын жаңартты. Шабуылшы Португалия сапында 116 және 117-голды соғып, құрама сапында гол соғу жағынан рекордшылар тізімін жалғыз өзі бастап тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы, NEGE. Португалия шабуылшысы Швейцария құрамасымен Ұлттар лигасының матчында дубль жасады, оның командасы 4:0 есебімен жеңіске жетті.

Құрамадағы бұл екі гол «Манчестер Юнайтед» ойыншысына бәсекелестерінен айтарлықтай алыстауға мүмкіндік береді.

Ұлттық құраманың үздік мергендерінің тізімі:

1. Криштиану Роналду (Португалия) – 188 матчта 117 гол;

2. Али Даеи (Иран) – 109 (148);

3. Мохтар Дахари (Малайзия) – 89 (142);

4. Лионель Месси (Аргентина) – 86 (162);

5. Ференц Пушкаш (Венгрия) – 84 (89).

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды