Роналду «Әл-Насрға» азиялық Чемпиондар лигасына шығуға көмектесті

'Әл-Наср' футбол клубы азиялық Чемпиондар лигасына іріктеу финалында дубайлық 'Шабаб Әл-Ахли' командасын ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматы, NEGE. Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен ойын 4:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. 88-минутқа дейін Криштиану Роналду онайтын команда 1:2 есебімен ұтылып жатқан, алайда матч соңында қатрынан 3 гол салып кетті. 

Жеңімпаздар сапында Андерсон Талиска (11 және 90 5-минут), Султан Әл-Ганам (88), Марцело Брозович (90 7) гол салды. Ал "Шабаб Әл-Ахли" сапында Яхья Аль-Гассани (18 және 46-минут) дубль жасады.

38 жастағы Роналду матч уақытын толықтай алаңда өткізді де, Брозовичке ассист жасады.